Todayinfo.kz
NewsView all articles

Сәкен Майғазиевтің келіні тағы да сынға ұшырады – әлеуметтік желіде қызу талқы

Танымал әнші Сәкен Майғазиевтің келіні тағы да әлеуметтік желі қолданушыларының назарына ілікті, деп  хабарлайды Todayinfo.kz. Жаңа түскен келін Шымкентке келіп, үлкендерден бата алуға барған сәтте түсірілген бейнежазбада ол әжесінен жоғары орынға отырғаны үшін сынға қалды.

By Айғаным Нариманова··1 min read
Сәкен Майғазиевтің келіні тағы да сынға ұшырады – әлеуметтік желіде қызу талқы

Танымал әнші Сәкен Майғазиевтің келіні тағы да әлеуметтік желі қолданушыларының назарына ілікті, деп  хабарлайды Todayinfo.kz.

Жаңа түскен келін Шымкентке келіп, үлкендерден бата алуға барған сәтте түсірілген бейнежазбада ол әжесінен жоғары орынға отырғаны үшін сынға қалды. Бұл туралы ақпарат порталы хабарлады.

“Келе салып төрге шығыпты ғой”, “Әжеден жоғары отырғаны несі?” – деп жазды желідегі пікір қалдырушылар.

Қазақ халқында келіннің үлкенге иіліп, төмен отыруы – құрмет белгісі. Көпшілік жас келіндердің салт-дәстүрді ұстануы керек екенін, әсіресе әжелерге құрмет көрсету – тәрбиенің маңызды бөлігі екенін атап өтуде.

Желі қолданушылары арасында бұл жағдайға байланысты екі түрлі көзқарас қалыптасқан. Бірі келінді сынаса, екіншілері:

“Жаңа келін, қателесуі мүмкін. Оны ел алдында әжуалау дұрыс емес”, – деп қорғап жатты.

Related

Сәкен Майғазиевтің келіні тағы да сынға ұшырады – әлеуметтік желіде қызу талқы · Todayinfo