Todayinfo.kz
PoliticsView all articles

Санжар Боқаевты қамауда ұстау мерзімі тағы да ұзартылды

Белсенді 18 наурызда қамауға алынды

By Айдар Керім··1 min read
Санжар Боқаевты қамауда ұстау мерзімі тағы да ұзартылды
📷 Коллаж: todayinfo.kz

Белсенді Санжар Боқаевты қамауда ұстау мерзімі тағы бір айға ұзартылды, деп хабарлайды Todayinfo.kz.

Бұл туралы қоғам белсендісінің адвокаты Радмир Утепов айтты.

Оның айтуынша, Боқаевты қамауда ұстау мерзімі 18 маусымға дейін ұзартылған.

«Бүгін, өкінішке қарай, Алматы қаласының тергеу соты біздің қорғауымыздағы Боқаев Санжар Омарұлының қамауда ұстау мерзімін 2026 жылдың 18 маусымына дейін ұзартты», – дейді заңгер. 

Еске салсақ, Санжар Боқаев 2026 жылдың 18 наурызында Алматыда ұсталған еді. Бас прокуратураның мәліметінше, Санжар Боқаев ұлттық компанияда жұмыс істеген кезінде ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікке ілінген.

Related

Санжар Боқаевты қамауда ұстау мерзімі тағы да ұзартылды · Todayinfo