Сібір жарасы табиғи ошақтық жұқпа болғандықтан елімізде аурудың бұрқ ету жағдайлары жыл сайын тіркеліп отырады. Республика көлемінде 2024 жылы тұрғындар арасында сібір жарасының 20 расталған жағдайы тіркелді, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.
Біздің облыста соңғы 10 жылда адамдар және ауылшаруашылық жануарлар арасында жағдай тіркелген жоқ.
Дегенмен облыс бойынша есепте сібір жарасынан 96 стационарлық - қолайсыз пункт, 158 топырақтық ошақ 129 көміндіде орналасқан, облыстық ветеринариялық басқармасының мәліметі бойынша бүгінгі күні барлық ошақтың координаттары GPS навигатор көмегімен анықталған.
Сібір жарасын алдын алу:«Сібір жарасы – аса қауіпті зоонозды ауру, спора түзуші бактерия. Споралар топырақта 100 жылға дейін тіршілік ету қабілетін сақтайды. Бұл зоонозды инфекция (жануарлардан адамға жұғатын ауру), көбіне шөпқоректі жануарларды зақымдайды. Бактериялар өте күшті токсиндерді бөліп шығарады, көп жағдайда өлімге әкеледі. Адамдар бұл дертті ауру жұқтырған жануарлардан немесе олардан алынатын өнімдері арқылы жұқтыруы мүмкін», - деп атап өтті Жетісу облысы СЭБД басшысы Асхат Чарапиев.
Рұқсат етілмеген сауда орындарынан, ветеринариялық таңбасыз ет сатып алмаңыз және сатушылардан ветеринариялық ілеспе құжаттарды сұраңыз.
Мал қораны жинаған кезде, терімен, жүнмен және т.б. жұмыс істегенде арнайы қорғаныс киімдерін кию.
Адамдар мен жануарларды сібір жарасына қарсы вакцинасымен егу маңызды. Тұрғындарды сібір жарасына қарсы жоспарлы вакцинациялауды медициналық ұйымдар халықтың мынадай контингентіне:
• мал сою цехтары мен ет комбинаттарының қызметкерлеріне;
• ветеринариялық клиникалардың дәрігерлері мен персоналына;
• жануарлардың терісі мен жүні өңделетін кәсіпорындардың қызметкерлеріне;
• сібір жарасын диагностикалаумен және зерттеумен айналысатын зертханалардың қызметкерлеріне жүргізеді.
• алдын ала ветеринариялық куәландырусыз ауыл шаруашылығы жануарларын аулада союға және жануарлардан алынатын шикізатты сатуға жол бермеу;
• рұқсат етілмеген қоқыс тастайтын жерлерде, стационарлық қолайсыз пункттерде мал жаюға жол бермеу.




