Todayinfo.kz
NewsView all articles

Сара Назарбаева ұзақ уақыт қандай аурудан емделгені белгілі болды

Фото: facebook.com/bobek.samopoznanie Тұңғыш президенттің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Сара Назарбаеваның денсаулығына қатысты ресми түсініктеме берді, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. «Сара Назарбаева 2025 жылғы сәуір айынан бастап Қазақстан Республика

By Айғаным Нариманова··1 min read
Сара Назарбаева ұзақ уақыт қандай аурудан емделгені белгілі болды
Фото: facebook.com/bobek.samopoznanie Тұңғыш президенттің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Сара Назарбаеваның денсаулығына қатысты ресми түсініктеме берді, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
«Сара Назарбаева 2025 жылғы сәуір айынан бастап Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының Алматы қаласындағы Ұлттық госпиталінде емделіп жатты. Сол кезеңде ол ауыр миокард инфарктін бастан кешірді. Дәрігерлер ұзақ уақытқа созылған ауыр қант диабеті мен үдемелі созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінен дамыған жүректің ишемиялық ауруын, жүрек және өкпе жеткіліксіздігін анықтады. Сара Назарбаева ұзақ уақыт бойы өкпені жасанды желдету және жасанды бүйрек аппараттарына қосылған күйде болды», - делінген хабарламада.
Ал биыл қаңтар айында жағдайының тұрақтануына байланысты Назарбаева ауруханадан шығарылған.
«Қазіргі уақытта Сара Алпысқызы Алматы қаласында үйінде дәрігерлердің бақылауында», - деп атап өтті Үкібай.

Related

Сара Назарбаева ұзақ уақыт қандай аурудан емделгені белгілі болды · Todayinfo