Саржал ауылында жаңа спорт модулі салынып жатыр
Абай ауданының Саржал ауылында жаңа спорт модулінің құрылысы басталды. Жоба облыстық бюджет есебінен жүзеге асырылып жатыр. Құрылысты жергілікті мердігер компания жүргізуде, оған 10 жұмысшы мен 4 техника жұмылдырылған. Жоспар бойынша нысан 2026 жылы пайдалануға берілмек, деп хаба

Абай ауданының Саржал ауылында жаңа спорт модулінің құрылысы басталды. Жоба облыстық бюджет есебінен жүзеге асырылып жатыр. Құрылысты жергілікті мердігер компания жүргізуде, оған 10 жұмысшы мен 4 техника жұмылдырылған. Жоспар бойынша нысан 2026 жылы пайдалануға берілмек, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.
Жаңа спорт кешені ауыл жастарының бос уақытын тиімді өткізуіне мүмкіндік беріп, бокс, күрес, волейбол, футбол сияқты спорт түрлерін дамытуға жағдай жасайды. Сонымен қатар, кешен тұрғындар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға ықпал етпек.
Қазіргі таңда Абай ауданында бұқаралық спортқа қызығушылық артып келеді. Биыл ауданда спортпен тұрақты түрде шұғылданушылар саны 5 586 адамға жеткен. Бұл — аудан халқының 41,9 пайызы. Жалпы, өңірде 32 спорт нысаны жұмыс істейді.
Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, жаңа спорт модулі ауылдағы спорт инфрақұрылымын кеңейтіп қана қоймай, жасөспірімдердің кәсіби спортқа деген ынтасын арттырады. Кешен ашылғаннан кейін спорттық жарыстар өткізуге, ауыл тұрғындарының денсаулығын нығайтуға мүмкіндік тумақ.
Related

Abay Region
«Таза Қазақстан – это наш бренд»: молодёжь Абайского района организовала экологическую акцию
Айдар Керім·

Abay Region
Абай облысының әкімі Франция елшісімен кездесті
Todayinfo Admin·

Abay Region
Абай облысында майдангерлер ерлігі ұлықталды
Жаннұр Еділбаева·

Abay Region
5 млн теңге: Берік Уәли Президенттің атынан ҰОС мен тыл ардагерлеріне құрмет көрсетті
Жаннұр Еділбаева·