Сауд Арабиясында төтенше жағдай: Мекке мен Мәдинаны топан су басты
Фото: rbc.ua Сауд Арабиясында алапат су тасқыны болды, – деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы. Ел билігі қауіптіліктің қызыл деңгейін жариялады. Шетелдік БАҚ-тың хабарлауынша, қасиетті Мекке мен Мәдина қалаларының көшелерін су басып қалды. Толассыз жауған жаңбырдан кейін ж

Фото: rbc.ua
Сауд Арабиясында алапат су тасқыны болды, – деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы.
Ел билігі қауіптіліктің қызыл деңгейін жариялады.
Шетелдік БАҚ-тың хабарлауынша, қасиетті Мекке мен Мәдина қалаларының көшелерін су басып қалды. Толассыз жауған жаңбырдан кейін жолдар "көлге" айналып, көліктерді су шайып кеткен.
Сауд Арабиясының метеорологиялық департаменті Мекке, Мәдина және Жидда қалаларында қауіптіліктің қызыл деңгейін жариялады.
Бұған дейін Сицзанда (ҚХР Тибет автономиялық округі) жойқын жер сілкінісі болғаны хабарланған еді. Магнитудасы 6,8 болатын жер сілкінісі Қытайдың оңтүстік-батысындағы Шигацзе қаласының Динжи (Тингри) уезінде тіркелді. Қазіргі уақытта қаза тапқандар саны 100-ге жуықтағаны белгілі болды. Дүмпу Непал мен Үндістанда да сезілді.
Related

World
Сол жақ моторы істен шыққан: 200 жолаушысы бар ұшақты найзағай соқты
Айғаным Нариманова·

World
Молния ударила в самолет с более чем 200 пассажирами
Айғаным Нариманова·

World
Газа аймағында 56 мың бала жетім қалды
Айғаным Нариманова·

World
Анталияда 18 жастағы қазақстандық қыз қаза тапты
Айғаным Нариманова·