Белгілі актер Шәріп Серік өзінің көңіл қосқан құрбысын ұрған видеосы тарағаннан кейін әлеуметтік желіде қызу талқылауға түсті. Оқиғаға байланысты қолданушылар әзіл-оспақ видеолар жариялап, олардың бірі жасанды интеллект көмегімен дайындалған болатын. Бұл туралы arma_mvp атты қолд
Белгілі актер Шәріп Серік өзінің көңіл қосқан құрбысын ұрған видеосы тарағаннан кейін әлеуметтік желіде қызу талқылауға түсті. Оқиғаға байланысты қолданушылар әзіл-оспақ видеолар жариялап, олардың бірі жасанды интеллект көмегімен дайындалған болатын. Бұл туралы
arma_mvp атты қолданушы Threads желісінде хабарлады.
Аталған видеода Шәріп Серікті Қуандық Бишімбаев жұбатып отырғандай көрініс бейнеленген.
«Кез-келген жағдайда жаныңда сені қолдайтын адам болуы керек», – деген жазба қосылған видеода.
Шәріп Серік аталған роликті өзін әжуалау әрі әділетсіздік деп қабылдап, Алматы қаласының аудандық ішкі істер бөліміне арыз жазған. Бұл туралы ролик авторы Threads желісінде хабарлады:
«Бүгін маған Алматының аудандық ішкі істер бөлімінен хабарласты. Шәріп Серік менің үстімнен жалған ақпарат таратқаным туралы арыз жазғанын айтты. Не ойлайсыздар? Сұхбатты көрдіңіздер ғой», – деп жазды ол.
Ролик авторы өзінің ешқандай зорлық-зомбылықты қолдамайтынын және қоғамда мұндай әрекеттерге қарсы екенін баса айтты.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Арман | Креативный контент (@arma_mvp)