Шамадан тыс көп дәрі еккен: Наркоздағы сұлу әйелдерді зорлаған анестезиологтың арсыз әрекеті әшкере болды
Бразилияда сот Джованни Квинтеллу Безерра есімді бұрынғы анестезиологты наркоздағы пациент әйелдерді зорлағаны үшін 30 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды жергілікті Cofen басылымына сілтеме жасаған Todayinfo.kz 2022 жылдың шілдесінде аурухана қызметкерлері дәрігердің

Бразилияда сот Джованни Квинтеллу Безерра есімді бұрынғы анестезиологты наркоздағы пациент әйелдерді зорлағаны үшін 30 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды жергілікті Cofen басылымына сілтеме жасаған Todayinfo.kz
2022 жылдың шілдесінде аурухана қызметкерлері дәрігердің әрекеттерінен күдіктеніп, оны жасырын түрде видеоға түсірген. Бейнежазбада ес-түссіз жатқан әйелге дәрігердің жыныстық зорлық әрекеттерін жасап жатқаны анық көрінеді. Полицияның мәліметінше, Безерра науқастарға әдейі шамадан тыс мөлшерде тыныштандыратын дәрі-дәрмектер енгізген.
Бейнежазба жарияланғаннан кейін ол бірден қамауға алынды. Тергеу сол күні оның тағы бір пациентке жыныстық зорлық көрсеткенін дәлелдеді. Сот Безерраны әрбір жәбірленушіге 50 мың бразилиялық реал көлемінде өтемақы төлеуге міндеттеді.
Ресми айыптау ісінде алты жәбірленуші бар, алайда тергеушілер олардың саны бұдан да көп болуы мүмкін деп есептейді. 2023 жылы Безерра медициналық лицензиясынан өмір бойына айырылды. Барлық дәлелдерге қарамастан, ол өз кінәсін мойындаған жоқ.
Бұл іс Бразилияда медициналық этика мен қылмыстық қудалау саласындағы ең үлкен резонанс тудырған оқиғалардың біріне айналды.
Related

Оқиғалар
Еркебұлан Тоқтар оқырманының еміне гонорарынан 50 мың доллар аударды
Айдар Керім·

Оқиғалар
«Жаным жай таппай.. »: Гүлзира Айдарбекова белгілі блогердің ота үстелінде көз жұмғанын жеткізді
Айдар Керім·

Оқиғалар
Келімсектің кесірі: мас шетелдік Алматы әуежайын қиратып кетті
Айдар Керім·

Оқиғалар
Үшінші рет қылмыс жасаған: Шымкентте жас әйелді аса қатыгездікпен өлтірген еркек жазадан құтылып кетті
Айдар Керім·