Todayinfo.kz
NewsView all articles

«Шаршадым, стресс алдым»: министр Жұлдыз Сүлейменованың үндеуіне наразы педагогтар көбейді

Мұғалімдердің біліктілігін анықтайтын аттестацияға қатысты жаңалықтар кей педагогтардың көңілін түсіріп, наразылығын туындатуда, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Еске салып өтейік, Оқу ағарту министрі кеше түнде енді мұғалімдер тест тапсырмайтынын, портфолио жинақта

By Айғаным Нариманова··1 min read
«Шаршадым, стресс алдым»: министр Жұлдыз Сүлейменованың үндеуіне наразы педагогтар көбейді
Мұғалімдердің біліктілігін анықтайтын аттестацияға қатысты жаңалықтар кей педагогтардың көңілін түсіріп, наразылығын туындатуда, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Еске салып өтейік, Оқу ағарту министрі кеше түнде енді мұғалімдер тест тапсырмайтынын, портфолио жинақтап, авторлық бағдарлама жазбайтынын мәлімдеп, жаңалығымен бөліскен еді. Осы жаңалыққа байланысты алтын уақыттарын авторлық жазуға, портфолио толтыруға, тестке дайындалуға жұмсаған кей ұстаздар наразылық білдіруде. Әлеуметтік желілерде "осыған дейін жұмсаған уақытымыз бен шығындарымыз не болмақ?" Деген сұраумен пікір жазушылар саны сағат сайын артуда.
Threads әлеуметтік желісінде педагог Ардақ Қалиева: "3 жыл бойы жетістік жинап, әдістемелік құрал шығарып, оны басқа аудандарға таратып, ақпан айында тест тапсыру үшін 5-11кл бағдарламасын түгел оқып, нерв, стресс, уақыт бәрін жоғалтқан кезде, керек ұпайымызды жинап, “міне, бәрі болды” деп Ұстаз.кз кіріп, өтініш беріп болған соң мұндай өзгерісті қалай қабылдаймыз?" Деп жазды.
Дәл осыған ұқсас жазбалар әлеуметтік желіде аз емес. Ал кейбіреулер "тестті жаңалайды, портфолионы алып тастайды немесе керісінше қиындатады жаңа өзгеріспен! Себебі чаттарда сливтар көбейіп кетті соңғы уақытта"деп болжап отыр.
"Иә, еңбегіміз далаға кетіп жатыр, әдістемелік құралға дейін жаздық, өкінішті, ішім күйіп барады" дегенге саятын педагогтардың пікірлеріне әзірге Оқу ағарту министрлігі тарапынан нақты жауап берілмеді.

Related

«Шаршадым, стресс алдым»: министр Жұлдыз Сүлейменованың үндеуіне наразы педагогтар көбейді · Todayinfo