Todayinfo.kz
NewsView all articles

Шерзат Болат ісі: Полиция бастығы бейнежазба заңдылығына қатысты нақты бап айта алмады

Талдықорғанда Шерзат Болат ісі бойынша сотта полиция бастығы бейнежазбаның заңдылығына қатысты нақты бапты атай алмады, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі. Талдықорған қаласында Шерзат Болатқа қатысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы өтуде. Сотта Талғар аудандық полици

By Айғаным Нариманова··2 min read
Шерзат Болат ісі: Полиция бастығы бейнежазба заңдылығына қатысты нақты бап айта алмады

Талдықорғанда Шерзат Болат ісі бойынша сотта полиция бастығы бейнежазбаның заңдылығына қатысты нақты бапты атай алмады, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

Талдықорған қаласында Шерзат Болатқа қатысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы өтуде. Сотта Талғар аудандық полиция басқармасының Криминалдық полиция бөлімінің бастығы Медет Әділжаннан жауап алынды.

Судья Ержан Жанұзақов Нұрқанат Ғайыпбаевтың бейнежазбасы қандай заңдық негізде түсірілгенін сұрағанда, Медет Әділжан оның жедел-іздестіру шарасы аясында түсірілгенін айтты. Алайда, нақты ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің бабын атай алмады.

«Жедел іздестіру шараларын жүргізу үшін күдіктілер мен куәгерлерден жауап алынды. Бірақ нақты қай бап екенін қазір нақты айта алмаймын», – деді ол.

Сотта Нұрқанат Ғайыпбаевтың берген айғағы мен оқиғаға байланысты бейнематериалдар мазмұны да қаралды. Медет Әділжанның айтуынша, жәбірленуші бейнежазбада көрсетілген суреттер арқылы кімнің қандай әрекет жасағанын көрсеткен.

«Видеода не бар, соны ғана білемін. Одан бөлек арамызда жеке әңгіме болған жоқ. Тек суреттер арқылы пышақтаған адамдарды көрсетті», – деді ол.

Полиция басшысының айтуынша, тергеу жұмыстарына бірнеше топ тартылған, әрі Ғайыпбаевтан толық жауап алынбаған.

«Маған жәбірленушімен байланысып, тек нақты мәліметтерді алу жүктелді», – деді Медет Әділжан.

Related

Шерзат Болат ісі: Полиция бастығы бейнежазба заңдылығына қатысты нақты бап айта алмады · Todayinfo