«Бүгін қос ауданды жалғап жатқан республикалық жолдың бір бөлігін тасқын шайып кетті. Бірақ қара жолдың қақ айырылып жатқанын алғаш болып жол мамандары байқаған екен. Олар республикалық автомобиль жолының 20-шы шақырымында еріген қар суы ағысының күшейгенін уақытылы анықтап, көлік қозғалысын тоқтатқан. Қосымша тексеру барысында тас жолдағы су өткізу құбыры бүлініп, жиналған су жолды шайып кеткен. Оқиға орнында тереңдігі он метр, ені 12 метр болатын үлкен жыра пайда болды. Бұл тасжол 1960-1970 жылдары салынған. Содан бері тасқын қаупі жоғары аймақтардың қатарына кіргізілмепті. Яғни, жарты ғасырдан бері ешқандай қауіп-қатер болмаған. Уақытылы қабылданған шаралардың арқасында жол қозғалысы дереу тоқтатылып, ешкім зардап шекпеген. Қазір апат орнында арнайы техника жұмыс істеп жатыр. Дереу арада қиыршық тас төселген уақытша айналма жол салынады. Ал, су өткізу құбыры мен бүлінген жол жабындысы қар суы азайғасын қалпына келтіріледі. Оқиға орнында екі ауданның басшылары, ТЖД, Полиция және ҚазАвтоЖол өкілдері түгел жүр. Жағдай жіті бақылауда», - деді ол.Аталған учаске бұған дейін су тасқыны қаупі бар аймақтар қатарына жатпаған. Қазіргі уақытта бұл жол бөлігі орташа жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты мердігер ұйымның қарауында. ҚазАвтоЖол мәліметінше, осы оқиғаға байланысты қозғалыс уақытша шектеліп, көлік қатынасы қиыршықтасты жол арқылы ұйымдастырылды. Жағдай тиісті қызметтердің тұрақты бақылауында. Қазіргі уақытта шамамен 20 бірлік арнайы техника жұмылдырылған. Жақын арада қиыршықтас төсемі бар уақытша айналма жол салу жоспарланып отыр. Су өткізу құбыры мен жол төсемін қалпына келтіру жұмыстары еріген судың өтуі толық аяқталғаннан кейін басталады. Аталған учаскедегі қозғалыс қарқындылығы тәулігіне шамамен 500 автокөлік. Жол 1960-1970 жылдары салынған.
«Шет ауданмен байланыс үзілді»: Алматы облысында жаңадан салынған көпір опырылды
Бүгін, 3 сәуір сағат 11:30 шамасында республикалық маңызы бар «Кеген – Нарынқол» автомобиль жолының 20-шақырымында еріген суларды өткізу кезінде қолданыстағы су өткізу құбырының зақымдануы және жол төсемінің шайылуы тіркелді, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Б

Бүгін, 3 сәуір сағат 11:30 шамасында республикалық маңызы бар «Кеген – Нарынқол» автомобиль жолының 20-шақырымында еріген суларды өткізу кезінде қолданыстағы су өткізу құбырының зақымдануы және жол төсемінің шайылуы тіркелді, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Алматы облысы әкімнің баспасөз хатшысы Диас Нұрақын желідегі парақшасында жазды.
Related

News
Экологические вопросы Каспийского моря обсудил Маулен Ашимбаев с жителями Атырау
Жаннұр Еділбаева·

News
Халықаралық «қазақ тілі» қоғамы мен Openai серіктестігінің алғашқы нәтижелері ұсынылды
Жаннұр Еділбаева·

News
Арыстанбек Мұхамедиұлымен байланысты компанияның мүлкі мемлекетке қайтарылды
Айғаным Нариманова·

News
В Павлодаре трехлетняя девочка выпала из окна третьего этажа
Жаннұр Еділбаева·