Todayinfo.kz
NewsView all articles

Шымкентте 41 жастағы әйел 7 келіге жуық салмақтағы алып сәбиді дүниеге әкелді

Шымкент қалалық №2 аурухана перзентханасында 41 жастағы ана табиғи жолмен, ешқандай асқынусыз 6700 грамм салмақтағы сәбиді өмірге әкелді,деп хабарлайды  Todayinfo. Бұл – елімізде сирек кездесетін жағдай. Ұл бала отбасындағы алтыншы перзент атанып отыр. Көп балалы ана бұған д

By Айғаным Нариманова··1 min read
Шымкентте 41 жастағы әйел 7 келіге жуық салмақтағы алып сәбиді дүниеге әкелді
Шымкент қалалық №2 аурухана перзентханасында 41 жастағы ана табиғи жолмен, ешқандай асқынусыз 6700 грамм салмақтағы сәбиді өмірге әкелді,деп хабарлайды Todayinfo. Бұл – елімізде сирек кездесетін жағдай. Ұл бала отбасындағы алтыншы перзент атанып отыр. Көп балалы ана бұған дейін төрт ұл, бір қыз дүниеге әкеліп, тәрбиелеп отыр. «Қазіргі таңда ананың да, баланың да жағдайлары жақсы. Ең таңғаларлығы – алып баланы анасы өзі босанып, ота да, күрделі араласу да қажет болмады», - деп хабарлады Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы. Айта кетейік, жыл басынан бері Шымкентте жыл басынан бері 6719 сәби дүниеге келген. Оның ішінде 3271 қыз бала, 3448 ұл бала бар.

Related

Шымкентте 41 жастағы әйел 7 келіге жуық салмақтағы алып сәбиді дүниеге әкелді · Todayinfo