Todayinfo.kz
NewsView all articles

Шымкентте әкімдік ғимараты өртенді

Шымкент қаласында Абай ауданы әкімдігі орналасқан әкімшілік ғимаратта түнде өрт шықты, деп хабарлайды todayinfo.kz Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 112 қызметіне әл-Фараби ауданы, Тәуке хан даңғылы №3 мекенжайында өрт болып жатқаны туралы хабарлама түскен. Ө

By Айғаным Нариманова··1 min read
Шымкентте әкімдік ғимараты өртенді
Шымкент қаласында Абай ауданы әкімдігі орналасқан әкімшілік ғимаратта түнде өрт шықты, деп хабарлайды todayinfo.kz Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 112 қызметіне әл-Фараби ауданы, Тәуке хан даңғылы №3 мекенжайында өрт болып жатқаны туралы хабарлама түскен. Өртті сөндіруге Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаментінің 21 техникасы мен 88 қызметкері, апаттар медицинасы орталығынан 1 техника және 3 маман, жергілікті атқарушы органдардан 2 техника және 2 қызметкер жұмылдырылды.
- Жалпы 1 200 шаршы метр шатыр аумағы отқа оранған. Өрт сағат 04:58-де оқшауланып, 05:27-де толық сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр, - деді Шымкент қаласы ТЖД бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Бекзат Қамбаров.
Оқиғаға қатысты әлеуметтік желілерде тараған «М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің ғимараты өртенді» деген ақпаратты оқу орнының баспасөз қызметі жоққа шығарды. Ресми мәліметке сәйкес, университет қалыпты жағдайда жұмыс істеп тұр.

Related

Шымкентте әкімдік ғимараты өртенді · Todayinfo