Todayinfo.kz
NewsView all articles

Шымкентте күйеуі салған инъекциядан кейін әйел көз жұмды

Шымкентте ер адамның екпе салуынан кейін оның әйелі қайтыс болды. Қайғылы оқиға 16 наурыз күні Жібек Жолы көшесіндегі үйлердің бірінде болған,деп хабарлайды Todayinfo. Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам әйеліне дәрі еккен, содан кейін оның жағдайы күрт нашарлаған. Жедел жәрдем ке

By Айғаным Нариманова··1 min read
Шымкентте күйеуі салған инъекциядан кейін әйел көз жұмды
Шымкентте ер адамның екпе салуынан кейін оның әйелі қайтыс болды. Қайғылы оқиға 16 наурыз күні Жібек Жолы көшесіндегі үйлердің бірінде болған,деп хабарлайды Todayinfo. Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам әйеліне дәрі еккен, содан кейін оның жағдайы күрт нашарлаған. Жедел жәрдем келгенше әйел көз жұмған. Оқиға орнына құқық қорғау органдарының қызметкерлері келіп, тексеру жұмыстарын бастады. Тергеу жүргізіліп жатыр Шымкент қалалық полиция департаменті бұл факті бойынша тергеу басталғанын, қажетті сараптамалар тағайындалғанын мәлімдеді. Оқиғаның нақты мән-жайы тергеу барысында анықталмақ.    

Related

Шымкентте күйеуі салған инъекциядан кейін әйел көз жұмды · Todayinfo