Todayinfo.kz
NewsView all articles

Шымкентте жасөспірім атымен бірге құдыққа түсіп кеткен

Шымкентте жасөспірім ат үстінде келе жатып бес метрлік шұңқырға құлап кетті деп хабарлайды Todayinfo . Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, оқиға Абай ауданына қарасты Алтынтөбе ауданында болған. 2012 жылы туған жеткіншек атпен серуендеп жүрген кезінде байқамай терең құд

By Жаннұр Еділбаева··1 min read
Шымкентте жасөспірім атымен бірге құдыққа түсіп кеткен

Шымкентте жасөспірім ат үстінде келе жатып бес метрлік шұңқырға құлап кетті деп хабарлайды Todayinfo.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, оқиға Абай ауданына қарасты Алтынтөбе ауданында болған.

2012 жылы туған жеткіншек атпен серуендеп жүрген кезінде байқамай терең құдыққа түсіп кеткен. Құтқарушылар жедел жетіп, альпинистік құрал-жабдықтың көмегімен баланы шұңқырдан шығарды.

Жануарды да аман алып қалу үшін жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп автокран қолданылды. Ат иесіне еш жарақатсыз қайтарылды.

Жасөспірім дәрігерлердің қарауында.

Фото: ТЖМ

Related

Шымкентте жасөспірім атымен бірге құдыққа түсіп кеткен · Todayinfo