Шынәлиевтің шындығы: Олимпиада жүлдегерінің оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды
Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Еркебұлан Шынәлиевтің арызы негізінде қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Мәжіліс кулуарында Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев мәлімдеді, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Оның айтуынша, іс «адам ұрлау» бабы бойынша тір

Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Еркебұлан Шынәлиевтің арызы негізінде қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Мәжіліс кулуарында Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев мәлімдеді, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Оның айтуынша, іс «адам ұрлау» бабы бойынша тіркелген. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Прокуратура өкілі оқиғаға қатысы бар күдіктілерді анықтау жұмыстары жүріп жатқанын жеткізді. Сонымен қатар оларды Қазақстанға қайтару мәселесі де қарастырылуда.
Осыған байланысты Түркия Республикасының құзырлы органдарына ресми құқықтық көмек туралы сұрау жолданған. Тергеу барысы бақылауда екені айтылды.
Құқық қорғау органдары істің барлық мән-жайын жан-жақты тексеріп жатқанын хабарлады.
Related

News
Түркістан облысында ер адам анасын өлтірді деген күдікпен ұсталды
Жаннұр Еділбаева·

News
Алматы – главное гастрономическое направление 2026 года
Жаннұр Еділбаева·

News
Алматы – 2026 жылдың басты гастрономиялық бағыты
Жаннұр Еділбаева·

News
Лесные пожары охватили Францию и Испанию: огонь уничтожает дома и вынуждает людей покидать свои жилища
Жаннұр Еділбаева·