Todayinfo.kz
WorldView all articles

Солтүстік Корея орта қашықтағы баллистикалық зымыран ұшырды

Фото: KCNA via REUTERS Солтүстік Корея Жапон теңізіне қарай орта қашықтағы баллистикалық зымыран ұшырды. Бұл туралы 6 қаңтарда Оңтүстік Корея штаб басшыларының бірлескен комитетіне сүйенген Yonhap агенттігі  жазды. деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы. Әскерилер дерег

By Мейіржан Әуелханұлы··1 min read
Солтүстік Корея орта қашықтағы баллистикалық зымыран ұшырды
Фото: KCNA via REUTERS Солтүстік Корея Жапон теңізіне қарай орта қашықтағы баллистикалық зымыран ұшырды. Бұл туралы 6 қаңтарда Оңтүстік Корея штаб басшыларының бірлескен комитетіне сүйенген Yonhap агенттігі жазды. деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы. Әскерилер дерегінше, зымыран Пхеньян аймағынан жергілікті уақыт бойынша шамамен 12-де ұшырылған. Бұл – Солтүстік Кореяның Жаңа жылдан кейін ұшырған алғашқы зымыраны. Бұл жайт АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкеннің Оңтүстік Кореяға сапары кезінде болды. Солтүстік Корея бұған дейін 5 қарашада, АҚШ-тағы президент сайлауы кезінде зымыран ұшырған.
Пхеньян АҚШ-тағы сайлауға бірер күн қалғанда, 31 қазанда Жапон теңізіне құрлықаралық баллистикалық зымыран ұшырған. Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын зымыран сынағын "дұшпандарға жауап" деп атаған.
БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі салған санкциялар Солтүстік Кореяға зымыран сынағын өткізуге тыйым салады. Бұдан бөлек, Ресей 2022 жылы Украинаға басып кіргеннен кейін Мәскеуді Пхеньянға қарсы санкция режимін бұзды деп үнемі айыптап жатады. Мәскеу мұны жоққа шығарады.

Related

Солтүстік Корея орта қашықтағы баллистикалық зымыран ұшырды · Todayinfo