Алматы облысында апатқа ұшыраған Әуе қорғанысы күштерінің EC-145 әскери тікұшағының экипаж мүшелерінің есімдері белгілі болды, деп хабарлайды Todayinfo.
Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, қаза тапқандар:
• майор Нұржігіт Үйсінбаев – 1-сыныпты ұшқыш, 930 сағат әуе нальоты;
• капитан Бахтияр Ержігітов – борттық техник, 300 сағат әуе нальоты;
• капитан Аман Амангелді – командирдің көмекшісі, 295 сағат әуе нальоты.
Барлығы Әуе қорғанысы күштерінің әскери институтын тәмамдаған, қызметте беделді болды.
Еске салайық, 25 шілдеде EC-145 әскери тікұшағы Отар маңында радардан жоғалып кетті. Келесі күні Сорбұлақ көлінен тікұшақтың фрагменттері табылған.
Фото: Қорғаныс министрлігі



