Todayinfo.kz
NewsView all articles

Сорбұлақтан алып шықты: Алматы облысында тікұшақ апатынан қаза тапқан екі экипаждың денесі табылды

Алматы облысындағы Сорбұлақ көлінің маңында жоғалып кеткен әскери тікұшақтың апатқа ұшырағаны белгілі болды. Екі экипаж мүшесінің денесі табылды, деп хабарлайды Todayinfo Shyndyk.kz- ке сілтеме жасап. Тікұшақ бортында 4 адам болған Құқық қорғау органдарындағы дереккөздің мәліметі

By Жаннұр Еділбаева··1 min read
Сорбұлақтан алып шықты: Алматы облысында тікұшақ апатынан қаза тапқан екі экипаждың денесі табылды
Алматы облысындағы Сорбұлақ көлінің маңында жоғалып кеткен әскери тікұшақтың апатқа ұшырағаны белгілі болды. Екі экипаж мүшесінің денесі табылды, деп хабарлайды Todayinfo Shyndyk.kz- ке сілтеме жасап.

Тікұшақ бортында 4 адам болған

Құқық қорғау органдарындағы дереккөздің мәліметінше, Сорбұлақ көлі маңынан 2 адамның мәйіті табылған. Біреуінің тұлғасы анықталды, екіншісі анықталып жатыр. Тағы екі экипаж мүшесін іздеу жұмыстары жалғасуда.
«Қорғаныс министрлігі Сорбулақта мәйіттерді енді ғана шығарып жатыр. Сот-медициналық сараптама жедел тобы енді ғана жолға шықты», — делінген хабарламада.

Алдын ала мәлімет

Тікұшақ бортында төрт әскери қызметкер болған. Апаттың нақты себебі әзірге жарияланған жоқ. Іздеу-құтқару жұмыстары жалғасуда.

Related

Сорбұлақтан алып шықты: Алматы облысында тікұшақ апатынан қаза тапқан екі экипаждың денесі табылды · Todayinfo