«Автокөлік базары ыңғайлы жерде орналасқан, бірақ базардың ішінде бірнеше иелері бар. Біз қазір олармен сот ісін жүргізіп жатырмыз. Егер біз сотты жеңіп, 36 гектардан астам аумақты иеленетін болсақ, онда өнеркәсіптік индустриялық аймақ құруды жоспарлап отырмыз. Яғни, автокөлік нарығының орнында өндірістерді орналастыруға арналған аймақ пайда болады. Әр түрлі идеялар болды, бірақ біз өндірісті дамытуға тоқталдық, өйткені бұл халық тығыз орналасқан өңір және жаңа жұмыс орындары қажет», — деді өңір басшысы Сұлтанғазиев Todayinfo агенттігінің тілшісіне.Еске салайық,«Барыс» базары Алматы - Бішкек тас жолының бойында орналасқан. Бұған дейін оның кейбір аумағы мемлекетке қайтарылды. Бірақ базар әлі күнге дейін жұмыс істеп тұр. Коллаж: Todayinfo
«Соттасып жатырмыз»: Болат Назарбаевтан қалған тағы бір үлкен базар мемлекет меншігіне қайтарылады
Алматы облысының әкімдігі марқұм Болат Назарбаевтан қалған тағы бір үлкен базарды мемлекетке қайтармақ. Қазір 36 гектар жерді толықтай алу үшін сот процестері жүріп жатыр, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі. Қарасай ауданында орналасқан «Барыс» базарына Назарбаевтар әу

Алматы облысының әкімдігі марқұм Болат Назарбаевтан қалған тағы бір үлкен базарды мемлекетке қайтармақ. Қазір 36 гектар жерді толықтай алу үшін сот процестері жүріп жатыр, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.
Қарасай ауданында орналасқан «Барыс» базарына Назарбаевтар әулеті ұзақ жыл иелік етіп келген. Кезінде машина базары болған аумаққа енді өндіріс орындары салынады.
Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиевтің сөзінше, базар аумағындағы жерлер бірнеше адамға бөлініп, жекешеленіп кеткен. Қазіргі уақытта базарды толықтай қайтару үшін даулы сот істері өтіп жатыр.
Related

Өзекті жазбалар
Қашқынның қаһары: Іздеуде жүрген Рысқалиев Атырау облысының жаңа әкіміне ескерту жасады
Айдар Керім·

Өзекті жазбалар
Испаниядағы виллада өткен той: Мұхтар Жәкішев қара нәсілдіге тиген қызы Алтынайға үйлену тойын жасады
Айдар Керім·

Өзекті жазбалар
3200 сәби: Оқас Сүлеймен не себепті Си Цзиньпиннен марапат алғаны белгілі болды
Айдар Керім·

Өзекті жазбалар
Батыс Қазақстанда екі полицей қызмет барысында қаза тапты
Айдар Керім·