Todayinfo.kz
NewsView all articles

СҚО-да дөнер жеймін деп ұшынғандар ауруханаға түсті

Солтүстік Қазақстан облысы Булаева қаласында 4 адам дөнер жеймін деп уланып қалды, деп хабарлайды Todayinfo Tengrinews -ке сілтеме жасап. Оқиға Мағжан Жұмабаев ауданындағы   ауылдық стадионда өткен “Жастар-2025” облыстық спартакиадасы кезінде болған. Облыстық санитариялық-эп

By Жаннұр Еділбаева··1 min read
СҚО-да дөнер жеймін деп ұшынғандар ауруханаға түсті

Солтүстік Қазақстан облысы Булаева қаласында 4 адам дөнер жеймін деп уланып қалды, деп хабарлайды Todayinfo Tengrinews-ке сілтеме жасап.

Оқиға Мағжан Жұмабаев ауданындағы  ауылдық стадионда өткен “Жастар-2025” облыстық спартакиадасы кезінде болған.

Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, зардап шеккендердің үшеуі — бала, бірі — ересек адам. Алдын ала деректер бойынша, олардың барлығы 8 тамыз күні стадион аумағындағы сауда нүктесінен донер сатып алған.

“Мағжан Жұмабаев ауданында төрт адамнан тамақтан улану фактісі тіркелді. Қазіргі уақытта аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы эпидемиологиялық зерттеу жүргізіп жатыр. Қажетті сынамалар алынды”, — деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының ақпаратына сүйенсек, зардап шеккендердің барлығы Петропавл қаласындағы жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылған.

“Науқастардың жағдайы тұрақты, орташа ауырлықта, оң динамика байқалады”, — делінген басқарма хабарламасында.

Фото: freepik

Related

СҚО-да дөнер жеймін деп ұшынғандар ауруханаға түсті · Todayinfo