Todayinfo.kz
NewsView all articles

СҚО полициясы бөгетке көмектескен баланың әкесіне неліктен айыппұл салғанын түсіндірді

СҚО полиция өкілі ауылын су тасқынынан қорғауға көмектескен баланың әкесіне айыппүл салудың мәнін түсіндірді, деп хабарлайды Todayinfo. Бұған дейін СҚО- да Тепличное ауылында су тасқынынан қорғайтын бөгетті бекітуге көмектесіп, квадрадциклмен құм толы қапшықтарды тасыған 10 жаста

By Жаннұр Еділбаева··1 min read
СҚО полициясы бөгетке көмектескен баланың әкесіне неліктен айыппұл салғанын түсіндірді
СҚО полиция өкілі ауылын су тасқынынан қорғауға көмектескен баланың әкесіне айыппүл салудың мәнін түсіндірді, деп хабарлайды Todayinfo. Бұған дейін СҚО- да Тепличное ауылында су тасқынынан қорғайтын бөгетті бекітуге көмектесіп, квадрадциклмен құм толы қапшықтарды тасыған 10 жастағы баланың әкесіне 196 600 теңге айыппұл салынған еді. Бұл жағдай қоғамда қызу пікірталас туғызды, кейбір азаматтар құқық қорғау органының шешімін сынаса, енді бірі қолдады. Полицияның мәліметінше, 34 жастағы тұрғын кәмелетке толмаған ұлына қауіпті аймақта арнайы техниканы өз бетінше жүргізуге рұқсат берген.
 «Әрине, ол ортақ іске көмектескісі келгенін түсінеміз. Алайда мұндай әрекет ең алдымен заңсыз екенін айтқан жөн. Оның үстіне баланың да, оның қасындағы адамдардың да өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді. Бұл -жоғары қауіп-қатер жағдайында жүргізілетін жұмыстар. Оған арнайы техника, полиция, құтқарушылар мен әскери қызметкерлер жұмылдырылған. Біз тұрғындарды мұндай аймақтарда балалардың болуына, әсіресе техника басқаруына тыйым салынатыны туралы алдын ала ескерткенбіз», - деді жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Әлібек Ғабдуллин.
Оның айтуынша, әкімшілік шара қолдану жазалау үшін емес, болашақта осындай оқиғалардың алдын алу мақсатында жасалған. Баланың әкесі ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы 5-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Оған кәмелетке толмаған адамның көлік құралын басқаруына жол бергені үшін 50 айлық есептік көрсеткіш, яғни 196 600 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Related

СҚО полициясы бөгетке көмектескен баланың әкесіне неліктен айыппұл салғанын түсіндірді · Todayinfo