Стамбұлға ұшып бара жатқан ұшқатың пилоты әуеде көз жұмды
Turkish Airlines әуе компаниясының ұшқышы Сиэтл – Стамбұл бағытындағы рейсті орындау барысында көз жұмды. Әуе кемесі Нью-Йоркте шұғыл қонуға мәжбүр болды, деп хабарлайды Todayinfo. Оқиға 8 қазанда болған. Ұшақтың 59 жастағы пилоты Ильчехин Пехливан әуе сапары кезінде есінен

Turkish Airlines әуе компаниясының ұшқышы Сиэтл – Стамбұл бағытындағы рейсті орындау барысында көз жұмды. Әуе кемесі Нью-Йоркте шұғыл қонуға мәжбүр болды, деп хабарлайды Todayinfo.
Оқиға 8 қазанда болған. Ұшақтың 59 жастағы пилоты Ильчехин Пехливан әуе сапары кезінде есінен танып қалған. Экипаж оған алғашқы медициналық көмек көрсетуге тырысқанымен, оның өмірін сақтап қалу мүмкін болмады.
Ұшақтың екінші ұшқышы шұғыл түрде Нью-Йорктегі Джон Кеннеди әуежайына қонуға сұраныс жасады. Жолаушылар Стамбұлға басқа рейстермен жеткізіллді. Turkish Airlines өкілдерінің айтуынша, пилот Пехливан Ильчехин үнемі медициналық тексерістерден өтіп жүрген және денсаулығына байланысты ешқандай мәселе анықталмаған. Соңғы тексеріс наурыз айында өткен.
Related

World
Сол жақ моторы істен шыққан: 200 жолаушысы бар ұшақты найзағай соқты
Айғаным Нариманова·

World
Молния ударила в самолет с более чем 200 пассажирами
Айғаным Нариманова·

World
Газа аймағында 56 мың бала жетім қалды
Айғаным Нариманова·

World
Анталияда 18 жастағы қазақстандық қыз қаза тапты
Айғаным Нариманова·