«Бұл сұрақты шешумен айналысып жатырмыз. Степногорск қаласындағы көпсалалы ауруханаға қосымша жөндеу жұмыстары жасалады. Бұл аурухана ауданаралық медициналық қызмет көрсету статусына ие. Қаржы бөлінді. Ол жерде кемшіліктер бар, хабардармын, кемшіліктер жоцылады, назарда. Алдағы күндері арнайы барып, жұмыстармен танысамын. Кемшіліктер жойылады. 2026 жылы жөндеу жұмыстары аяқталып, аурухана толық іске қосылады», — деді Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Астанадағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.Облыс әкісінің баспасөз жиынында Степногорск қаласындағы өзге де жұмыстар жайлы айтылды. Айта кетейік, Степногорск қаласы – Ақмола облысының ірі өнеркәсіптік және әлеуметтік орталықтарының бірі. 1962 жылы негізі қаланған шаһар бастапқыда уран және сирек кездесетін металдарды өндіруге бағытталған өндірістік база ретінде салынған. Қазіргі таңда қалада химия, машина жасау, құрылыс материалдары, энергетика салаларында жұмыс істейтін кәсіпорындар шоғырланған. Қала халқы шамамен 45 мың адамды құрайды. Степногорск тек өнеркәсіптік емес, сонымен бірге өңірдің білім, медицина және мәдениет салалары дамып келе жатқан аймақ ретінде де ерекшеленеді. Мұнда бірнеше орта мектеп, колледж, спорт нысандары және мәдениет үйлері бар. Соңғы жылдары инфрақұрылымды жаңарту, жол жөндеу, тұрғын үй салу және әлеуметтік нысандарды қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп келеді. Қаланың даму жоспарына сәйкес, 2026 жылға қарай Степногорск заманауи әлеуметтік инфрақұрылымы бар өңірлік орталықтардың қатарына қосылмақ.
Степногорск көпсалалы қалалық ауруханасына жеткілікті қаржы бөлінді — облыс әкімі
Фото: vlast.kz Степногорск қаласындағы көпсалалы аурухана толық жаңартылып, орталыққа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Бұл өз кезегінде қаланың ғана емес, жақын маңдағы аудан, ауыл тұрғындарына да сапалы медициналық қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. Аурухананың жөндеу жұмыстары кел

Фото: vlast.kz
Степногорск қаласындағы көпсалалы аурухана толық жаңартылып, орталыққа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Бұл өз кезегінде қаланың ғана емес, жақын маңдағы аудан, ауыл тұрғындарына да сапалы медициналық қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. Аурухананың жөндеу жұмыстары келесі жылы аяқталады, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.
Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов қаладағы медициналық орталыққа жөндеу жұмыстарын жүргізетін мердігер компанияларды анықтауға қатысты конкурстың өтіп жатқанын айтты
Related

Stepnogorsk
Степногорская ТЭЦ улучшила свои позиции по итогам прошедшего отопительного сезона
Жаннұр Еділбаева·

Stepnogorsk
Более 80 участников: в Степногорске прошёл WorldSkillsAqmola-2026
Жаннұр Еділбаева·

Stepnogorsk
Степногорскте WorldSkillsAqmola-2026 чемпионаты басталды
Айғаным Нариманова·

Stepnogorsk
В Степногорске обсудили профилактику религиозного радикализма
Жаннұр Еділбаева·