Todayinfo.kz
StepnogorskView all articles

Степногорск қаласында белсенді ұзақ өмір сүру орталығының ашылуы өтті

Фото: Степногорск әкімдігі Степногорск қаласында аға буын өкілдеріне арналған жаңа әлеуметтік нысан – Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының ашылуы өтті, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Іс-шараға қала әкімі Гайдар Қасенов қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Ол орталықтың

By Айғаным Нариманова··1 min read
Степногорск қаласында белсенді ұзақ өмір сүру орталығының ашылуы өтті
Фото: Степногорск әкімдігі Степногорск қаласында аға буын өкілдеріне арналған жаңа әлеуметтік нысан – Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының ашылуы өтті, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Іс-шараға қала әкімі Гайдар Қасенов қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Ол орталықтың ашылуы – егде жастағы азаматтардың өмір сапасын арттыруға, олардың қоғам өміріне белсене араласуына мүмкіндік беретін маңызды қадам екенін атап өтті. Шара барысында шағын концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйланды. Сондай-ақ орталықтың жұмысымен танысу мақсатында экскурсия өткізілді. Мұнда спорт залы, шығармашылық, музыка және т.с.с. кабинеттер жұмыс істейді. Жаңа орталық зейнет жастағы азаматтардың бос уақытын тиімді өткізуге, қарым-қатынас орнатуға және салауатты өмір салтын ұстануға жағдай жасайды.

Related

Степногорск қаласында белсенді ұзақ өмір сүру орталығының ашылуы өтті · Todayinfo