Сүйінші! Ел қоржынына төрт алтын медаль түсті (ВИДЕО)
Фото: t.me/olympickz Азия чемпионатында Сағындық Тоғамбай мен Айбек Оралбай ерлер құрамасынан Қазақстан қоржынына төртінші алтынды салды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат порталы. Бұған дейін 48 келі салмақта Санжар Тәшкенбай Шодиержон Меликузиевтен, Оразбек Асылқұлов (57 келі

Фото: t.me/olympickz
Азия чемпионатында Сағындық Тоғамбай мен Айбек Оралбай ерлер құрамасынан Қазақстан қоржынына төртінші алтынды салды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат порталы.
Бұған дейін 48 келі салмақта Санжар Тәшкенбай Шодиержон Меликузиевтен, Оразбек Асылқұлов (57 келі) Миразизбек Мирзахалиловтан, 57 келіде Дулат Бекбауов Мужибилло Тұрсыновтан, Абылайхан Жүсіпов (71 келі) Хавасбек Асадуллаевтан, 75 келіде Дияс Молжігітов Джавахир Умматалиевтен жеңіліп қалған еді.
Абырой болғанда, 54 келі салмақта ел намысын қорғаған Махмұд Сабырхан ғана Шахзод Музфаровтан басым түсті. Сондай-ақ, Бекзат Нұрдәулетов қарсыласын жеңіп, алтын медалға ие болды.
Қазақстан қоржынына үшінші алтынды салған Сағындық Тоғамбай Тәжікстан боксышысымен қолғап түйістірді.
Сонымен қатар, Азия чемпионатындағы төртінші алтынды Айбек Оралбай еншіледі.
Related

Sport
Бибісара Асаубаева әлемдік рейтингте үздік бестікке енді
Айғаным Нариманова·

Sport
Бибісара Асаубаева ІІ дәрежелі «Барыс» орденін ресми түрде қолына алды
Айғаным Нариманова·

Sport
«Өзінің адал еңбегімен тапқан ақшасы»: Бибісара Асаубаеваның анасы даулы оқиғаға қатысты үн қатты
Айғаным Нариманова·

Sport
Бұл матчты ұмытпаймыз – Өзбекстан құрамасының бапкері әлем чемпионатындағы алғашқы ойын жайлы
Айғаным Нариманова·