Тағы бір тұңғыш президент бақилық болды
Фото: montsame.mn 17 қаңтар күні 83 жасқа қараған шағында Моңғолияның тұңғыш президенті Пунсалмаагийн Очирбат қайтыс болды. Қаралы хабарды жергілікті БАҚ жеткізді, , деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы. Ол 1942 жылы 23 қаңтарда Завхан аймағында дүниеге келген. Ленинградта

Фото: montsame.mn
17 қаңтар күні 83 жасқа қараған шағында Моңғолияның тұңғыш президенті Пунсалмаагийн Очирбат қайтыс болды. Қаралы хабарды жергілікті БАҚ жеткізді, , деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы.
Ол 1942 жылы 23 қаңтарда Завхан аймағында дүниеге келген. Ленинградтағы тау-кен институтының түлегі, техника ғылымдарының кандидаты. Саяси мансабында сыртқы істер министрі, экономика министрі, Ұлы халық хуралының төрағасы қызметтерін атқарды. 1990 жылы Моңғолияның бірінші президенті болып сайланып, елді 1997 жылға дейін басқарды.
Ол өкілеттік мерзімі аяқталғаннан кейін саясаттан кетіп, кедейлікпен күресетін коммерциялық емес «Очирбат» қорын құрды. Сондай-ақ Моңғолия Конституциялық сотының мүшесі қызметін атқарды.
Айта кетсек, 2023 жылдың 14 қыркүйегінде Молдованың тұңғыш президенті Мирча Снегур өмірден озған еді.
Related

World
Сол жақ моторы істен шыққан: 200 жолаушысы бар ұшақты найзағай соқты
Айғаным Нариманова·

World
Молния ударила в самолет с более чем 200 пассажирами
Айғаным Нариманова·

World
Газа аймағында 56 мың бала жетім қалды
Айғаным Нариманова·

World
Анталияда 18 жастағы қазақстандық қыз қаза тапты
Айғаным Нариманова·