Таиландта қазақстандықтар мінген катер мен балықшылар кемесі соқтығысып, 1 адам қаза тапты
Таиландта Пхукет аралының жағалауында қазақстандықтар мінген катер балықшы кемесімен соқтығысып, бір жолаушы қаза тапты, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Оқиға 11 қаңтар күні сағат 6:55-те (Астана уақытымен) Пхукет жағалауында болған. Катердің суға батуына балық аул

Таиландта Пхукет аралының жағалауында қазақстандықтар мінген катер балықшы кемесімен соқтығысып, бір жолаушы қаза тапты, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға 11 қаңтар күні сағат 6:55-те (Астана уақытымен) Пхукет жағалауында болған. Катердің суға батуына балық аулайтын кемемен соқтығысуы себеп болған. Салдарынан 2008 жылы туған ресейлік азамат қаза тауып, ондаған турист жарақат алған. Зардап шеккендер медициналық мекемелерге жеткізілді, олардың жағдайы нақтыланып жатыр.
Korawich Marine 888 катерінің бортында 55 адам болған. Олар 52 турист пен 3 экипаж мүшесі. Жолаушылар арасында Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Өзбекстан және өзге елдердің азаматтары бар.
Қатты соққыдан кейін катердің корпусы зақымданып, суға батып кеткен. Оқиғаға қатысты тергеуді Пхукет пен Краби полициясы жүргізіп жатыр екен.
Катерді басқарған компания арзан турпакеттер ұсынатын оператор ретінде белгілі. Бұған дейін де осы компанияның катерлері апатқа ұшыраған. Бұл қызмет көрсету сапасы мен қауіпсіздік деңгейіне қатысты сауалдар туындатып отыр.
Related

News
Мать убитой студентки из Атырау не смогла узнать, где отбывают наказание осуждённые
Жаннұр Еділбаева·

News
В Армении началось голосование на парламентских выборах
Жаннұр Еділбаева·

News
Астанадан 48 шақырым жерде жаңа әуежай салу ұсынылды
Жаннұр Еділбаева·

News
Қазақстанға Пржевальский жылқыларының тағы бір тобы жеткізілді
Жаннұр Еділбаева·