Todayinfo.kz
NewsView all articles

Таиландта жер сілкінісі: Бангкоктағы зілзала видеоға түсіп қалды

Әлеуметтік желіде Бангкоктағы жер сілкінісінің видеолары тарады. Кадрларда биік ғимараттардың шайқалғаны, тіпті кейбір бассейндерден судың сыртқа төгілгені байқалады, деп хабарлайды Todayinfo. Жер сілкінісінің эпицентрі көршілес Мьянма аумағында орналасқан, онда жер асты дүмпулер

By Айғаным Нариманова··1 min read
Таиландта жер сілкінісі: Бангкоктағы зілзала видеоға түсіп қалды
Әлеуметтік желіде Бангкоктағы жер сілкінісінің видеолары тарады. Кадрларда биік ғимараттардың шайқалғаны, тіпті кейбір бассейндерден судың сыртқа төгілгені байқалады, деп хабарлайды Todayinfo. Жер сілкінісінің эпицентрі көршілес Мьянма аумағында орналасқан, онда жер асты дүмпулері 7,7 баллға дейін жеткен. Бангкокта да қатты сілкініс сезіліп, биік ғимараттардан адамдар эвакуацияланды. Қала көшелеріне мыңдаған адам шыққан. Куәгерлердің айтуынша, құрылысы жүріп жатқан биік ғимараттардың бірі қираған. Қазіргі таңда құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр.  

Related

Таиландта жер сілкінісі: Бангкоктағы зілзала видеоға түсіп қалды · Todayinfo