Todayinfo.kz
NewsView all articles

Талғарда 83 мұғалімнің жалақысынан заңсыз МӘМС жарнасы алынған

Алматы облысында мұғалімдерге заңсыз ұсталған жарналар қайтарылды, деп хабарлайды Todayinfo . Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі мәлімдеді. «Талғар ауданының білім бөлімі 83 мұғалімнің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға қатысты төлемдерін заңсыз ұстаған

By Жаннұр Еділбаева··1 min read
Талғарда 83 мұғалімнің жалақысынан заңсыз МӘМС жарнасы алынған
Алматы облысында мұғалімдерге заңсыз ұсталған жарналар қайтарылды, деп хабарлайды Todayinfo. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі мәлімдеді.
«Талғар ауданының білім бөлімі 83 мұғалімнің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға қатысты төлемдерін заңсыз ұстаған, олар заң бойынша мұндай төлемдерден босатылған. Олардың арасында көпбалалы аналар, мүгедектер, магистратура және докторантура студенттері бар. Прокурорлық қадағалау шараларының нәтижесінде мұғалімдердің құқықтары қорғалып, ұсталған сомалар толық көлемде қайтарылды», – делінген прокуратура хабарламасында.
Сондай-ақ прокурорлар азаматтар мен жұмыс берушілерді, азаматтардың құқықтарының бұзылуын болдырмау үшін жарналардың дұрыс төленуіне мұқият назар аударуға шақырып отыр.

Related

Талғарда 83 мұғалімнің жалақысынан заңсыз МӘМС жарнасы алынған · Todayinfo