Тележүргізуші Руслан Өтепбай психотерапевт Санжар Тұрсынметовпен бірге Таразға арнайы барып, талай жыл құлдықта болған Назгүл мен Құндыздың қазіргі жағдайын білді, деп хабарлайды Todayinfo. Оның айтуынша, қыздардың қазіргі жағдайы бірқалыпты. Соңғы уақытта Құндыздың денсаулығына
Тележүргізуші Руслан Өтепбай психотерапевт Санжар Тұрсынметовпен бірге Таразға арнайы барып, талай жыл құлдықта болған Назгүл мен Құндыздың қазіргі жағдайын білді, деп хабарлайды
Todayinfo.
Оның айтуынша, қыздардың қазіргі жағдайы бірқалыпты. Соңғы уақытта Құндыздың денсаулығына байланысты алаңдаушылық артқан болатын. Маман Санжар Тұрсынметов оның ешқандай талмаға шалдықпағанын, тек дәрілерін уақытылы қабылдамағандықтан денсаулығы нашарлағанын мәлімдеді.
Тележүргізуші қыздарды қайтадан Алматыға алып келе алмайтынын, себебі олардың заңды қамқоршысы емес екенін түсіндірді. Тек қазіргі қамқоршысы Зульфия ханым бас тартқан жағдайда ғана оларды қамқорлығына ала алатынын айтты.
«Дегенмен бұл қыздардың жағдайын бақылап, хал сұрасып тұруыма ешкім кедергі бола алмайды. Әр ай сайын олардың жағдайын білу үшін барып тұрамын», – деді Руслан Өтепбай.
Сондай-ақ, қыздарды Тараз қаласының қорғаншы және қамқоршы өкілдері бақылауға алатыны белгілі болды
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Руслан Есмагамбетов (@ruslan_utepbai)