Танымал актер шартты түрде мерзімінен бұрын босатылуға өтініш берді
Ресейлік актер Михаил Ефремов «құпия форматта» шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтініш білдірді. SHOT дереккөзіне сүйенсек, бұл мәселе алдағы екі апта ішінде қарастырылмақ, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы. Актердің басты дәлелдері: 🔹 Денсаулық

Ресейлік актер Михаил Ефремов «құпия форматта» шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтініш білдірді. SHOT дереккөзіне сүйенсек, бұл мәселе алдағы екі апта ішінде қарастырылмақ, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы.
Актердің басты дәлелдері:
🔹 Денсаулық жағдайы – Ефремов жүрек, өкпе проблемалары мен көру қабілетінің нашарлауына сілтеме жасаған.
🔹 Түзету мекемесіндегі тәртібі – ол күнделікті цехта жұмыс істеп, тұтқындарға форма тігумен айналысады және жұмыс жоспарын орындайды.
🔹 Өкіну және түзелу – колония аумағындағы шіркеуге барып, діни рәсімдерге қатысатынын атап өткен.
🔹 Өнерді насихаттау – тұтқындармен бірге художестволық қойылымдар ұйымдастырып, шығармашылыққа баулып жүр.
🔹 Тәртіп бұзушылықтарды қайта қарау – бұрын алған ескертулері мен тәртіп бұзушылықтарын түсініп, қателіктерін мойындағанын айтқан.
Актердің адвокаты жаңа жыл қарсаңында өтініш беруді жоспарлаған, бірақ қоғамдағы дүрбелеңге байланысты 2025 жылға қалдырған.
Ефремовтің шартты түрде мерзімінен бұрын босатылу өтініші қанағаттандырыла ма, жоқ па – бұл алдағы сот шешіміне байланысты.
Related

World
Румынияда Ресей дроны тұрғын үйге құлап, екі адам зардап шекті
Айғаным Нариманова·

World
Орманға жапырақ теруге барған: Үндістанда жолбарыс төрт әйелді талап өлтірді
Айдар Керім·

World
US and Iran Reach 'Principled Deal' on Hormuz Strait: NYT
Todayinfo редакциясы·

World
Decision on Iran: Trump names deadline for resuming military actions
Todayinfo редакциясы·