Todayinfo.kz
NewsView all articles

Танымал коуч қазақтар бала тәрбиесінде маңызды қателікке бой алдырып жүргенін айтты

Коуч Мира Ерланқызы қазақ қоғамындағы бала тәрбиесі мен ана денсаулығына қатысты өзекті мәселелерді көтерді,деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі. Оның пікірінше, жиі босану ананың саулығы мен баланың дамуына кері әсер етеді. Өзін педагог-психолог әрі кәсіби коуч ретінде

By Айғаным Нариманова··1 min read
Танымал коуч қазақтар бала тәрбиесінде маңызды қателікке бой алдырып жүргенін айтты

Коуч Мира Ерланқызы қазақ қоғамындағы бала тәрбиесі мен ана денсаулығына қатысты өзекті мәселелерді көтерді,деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

Оның пікірінше, жиі босану ананың саулығы мен баланың дамуына кері әсер етеді.

Өзін педагог-психолог әрі кәсіби коуч ретінде таныстырған Мира Ерланқызы берген сұхбатында қазақ балаларының дұрыс демалмауы, гаджетсіз тәрбие беру және балалардың арасын жиі туудың зияны туралы өз ойымен бөлісті.

“Қазақ баласы жасық емес, ол дер кезінде әлеуметтенбеген. Біз дұрыс әдістермен тәрбие бермейміз”, – дейді коуч.

Коуч көпбалалы аналардың физикалық және психологиялық тұрғыда әлсіреуінің негізгі себебі – балалар арасындағы тым қысқа уақыт екенін атап өтті. Мира Ерланқызының айтуынша, ананың денесі кем дегенде үш жыл демалуы керек.

“Ананың ағзасы тынығуға мұқтаж. Әйтпесе әйелдер ерте қартайып, баланың дамуына да теріс әсер етеді”, – дейді ол.

Ол өзінің жеке тәжірибесінен мысал келтіріп, інісімен арасы 1,5 жыл болғанын, бірақ бұл айырмашылық інінің денсаулығына кері әсер еткенін айтты.

Мира Ерланқызы баланың алғашқы үш жылын рухани даму кезеңі ретінде сипаттады. Бұл уақытта бала ананың қолдауына ерекше мұқтаж болады.

“Ғылым бұл кезеңді ‘рухани эмбрион’ деп атайды. Бұл кезде баланың рухы қалыптасады”, – деп түсіндірді коуч.

Related

Танымал коуч қазақтар бала тәрбиесінде маңызды қателікке бой алдырып жүргенін айтты · Todayinfo