Todayinfo.kz
NewsView all articles

Танымал қазақ балуаны қамауға алынды

Танымал балуан ұсталды. Полиция Алматы облысындағы күрес түрлерінен федерация президенті Дамир Күзенбаевты ұстады, деп хабарлайды Todayinfo агенттігі.   Полицияның хабарлауынша, 28 маусымда Дамир Күзембаев "мас күйінде қоғамдық тәртіпті бұзған". – Заңсыз әрекеттердің жо

By Мейіржан Әуелханұлы··1 min read
Танымал қазақ балуаны қамауға алынды
Танымал балуан ұсталды. Полиция Алматы облысындағы күрес түрлерінен федерация президенті Дамир Күзенбаевты ұстады, деп хабарлайды Todayinfo агенттігі.  
Полицияның хабарлауынша, 28 маусымда Дамир Күзембаев "мас күйінде қоғамдық тәртіпті бұзған".
– Заңсыз әрекеттердің жолын кесу кезінде ол балағат сөз айтып, полиция қызметкерлеріне белсенді физикалық қарсылық көрсетті. Билік өкіліне қатысты зорлық-зомбылықты қолдану фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады, - делінген хабарламада.
Күзембаевтың халықаралық дәрежедегі спорт шебері деген атағы бар.

Related

Танымал қазақ балуаны қамауға алынды · Todayinfo