Todayinfo.kz
Өзгекті жазбаларView all articles

«Тарихи аумақтарды азат етеміз»: Путин тағы бір атышулы мәлімде жасады

Ресей президенті Владимир Путин Украинадағы соғысқа қатысты кезекті рет қатаң мәлімдеме жасады. Кремль басшысы Мәскеудің «арнайы әскери операция» мақсаттарынан бас тартпайтынын және қажет болса, «тарихи жерлерді» қарудың күшімен қайтаруға дайын екенін кесіп айтты. Бұл туралы Toda

By Мейіржан Әуелханұлы··1 min read
«Тарихи аумақтарды азат етеміз»: Путин тағы бір атышулы мәлімде жасады

Ресей президенті Владимир Путин Украинадағы соғысқа қатысты кезекті рет қатаң мәлімдеме жасады. Кремль басшысы Мәскеудің «арнайы әскери операция» мақсаттарынан бас тартпайтынын және қажет болса, «тарихи жерлерді» қарудың күшімен қайтаруға дайын екенін кесіп айтты. Бұл туралы Todayinfo порталы хабарлайды.

Бұл сөздер әлемдік қоғамдастықта және көршілес мемлекеттерде үлкен алаңдаушылық туғызып отыр.

«Дипломатия немесе әскери жол»

Путиннің сөзінше, Ресей қақтығыстың түпкі себептерін бейбіт келіссөздер арқылы шешуге әлі де мүдделі. Алайда, бұл ниет іске аспаса, оқиға желісі басқаша өрбиді.

«Біз мәселені дипломатиялық жолмен реттегіміз келеді. Бірақ қарсы тарап пен олардың шетелдік қолдаушылары диалогтан бас тартса, Ресей өз тарихи жерлерін әскери жолмен азат етеді», — деді президент.

«Тарихи жерлер» деген не?

Сарапшылар Путиннің «тарихи аумақтар» деген тіркесті қолдануына ерекше назар аударуда. Бұл ұғым тек Украинаның қазіргі оккупацияланған аймақтарымен шектеле ме, әлде ауқымы кеңірек пе – әзірге нақтыланбады.

Мәлімдемеден ұғатынымыз, Кремль өз талаптары орындалмаған жағдайда әскери қысымды тоқтатпайды. «Арнайы операцияның мақсаттары сөзсіз орындалады» деген сөйлем Мәскеудің ұзақ мерзімді соғысқа дайын екенін аңғартқандай.

Related

«Тарихи аумақтарды азат етеміз»: Путин тағы бір атышулы мәлімде жасады · Todayinfo