Todayinfo.kz
Өзгекті жазбаларView all articles

Тас жолдағы трагедия: Ақтөбе облысында жол апатынан төрт адам қаза тапты

Ақтөбе – Орынбор тасжолында, Қурайлы кенті маңында Honda Odyssey, Hyundai Solaris және ВАЗ-2110 автокөліктері жол-көлік оқиғасына ұшырады, деп хабарлайды Todayinfo тілшісі.  "Алдын ала деректер бойынша, Ақтөбеден Мәртөк кенті бағытына қарай шыққан Honda Odyssey автокөлігінің

By Мейіржан Әуелханұлы··1 min read
Тас жолдағы трагедия: Ақтөбе облысында жол апатынан төрт адам қаза тапты
Ақтөбе – Орынбор тасжолында, Қурайлы кенті маңында Honda Odyssey, Hyundai Solaris және ВАЗ-2110 автокөліктері жол-көлік оқиғасына ұшырады, деп хабарлайды Todayinfo тілшісі. 
"Алдын ала деректер бойынша, Ақтөбеден Мәртөк кенті бағытына қарай шыққан Honda Odyssey автокөлігінің жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, қарсы бағытта келе жатқан Hyundai Solaris көлігімен соқтығысқан. Соққы салдарынан Honda Odyssey бағытын өзгертіп, ВАЗ-2110 автокөлігін соққан", - делінген хабарламада.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан ВАЗ-2110 автокөлігінің жүргізушісі мен үш жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Honda Odyssey және ВАЗ-2110 автокөліктерінің жолаушылары жарақат алып, оларға медициналық көмек көрсетіліп жатқаны айтылды.
Аталған дерек бойынша полицейлер тексеру жұмыстарын бастады.

Related

Тас жолдағы трагедия: Ақтөбе облысында жол апатынан төрт адам қаза тапты · Todayinfo