10 тамызда Алматыда өтетін Дженнифер Лопестің концертін асыға күткен тыңдармандар әлемдік поп-жұлдыздың қайда тоқтайтынына қызығушылық танытуда. CMN редакциясы бұл сұраққа жауап іздеп, жұлдыздың ықтимал тұрағын анықтады.
Редакция мәліметінше, Джей Ло Swissotel Wellness Resort Alatau қонақүйінде тұруы мүмкін. Бұл – Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жиі тоқтаған люкс санатындағы нысан. Дәл сол қонақүйде 7–11 тамыз аралығында 360 шаршы метрлік президенттік люкс нөмір алдын ала брондалған.
Президенттік люкстің ерекшеліктері:
-
Екі жатын бөлме, жеке жұмыс кабинеті мен конференц-зал;
-
Ас үй, екі жуынатын бөлме, гардероб және гольф алаңына қарайтын балкондар;
-
VIP-кіреберіс пен жеке лифт арқылы кіруге мүмкіндік бар.
Бағасы:
-
Бір адамға – тәулігіне 1 275 000 теңге,
-
Екі адамға – тәулігіне 2 550 000 теңге.
-
Төрт күнге есептегенде – 12,75 миллион теңге.
Қызметтерге мыналар кіреді:
-
Таңғы ас (швед үстелі),
-
SPA аймағына шексіз қолжетімділік (бассейн, джакузи, акватоник),
-
VIP-зонадағы тағамға жеке тапсырыс.
Сондай-ақ, CMN дерегінше, Дженнифер Лопестің халықаралық турне кезіндегі труппасы 100-ге жуық адамнан тұрады. Ұйымдастырушылар оларға арнайы 100 орындық тұру аймағын дайындауда.




