«Таза Қазақстан – әр азаматтың болашаққа қосқан үлесі. Табиғатты қорғау – бүгінгі емес, ертеңгі ұрпақ алдындағы парыз», – деді.Осы жылдың басынан бері Ақкөл ауданында 130-дан астам сенбілік өткізіліп, 10 мың тоннадан астам қоқыс шығарылды. Сонымен қатар 500 ағаш көшеті және 25 мыңнан астам гүл отырғызылды. Бұл деректер өңір тұрғындарының табиғатты қорғауға деген жоғары жауапкершілігін дәлелдейді. Туристер жиі баратын Бурабай ауданында да «Жасыл ел» жасақтары Щучье көлінің жағалауында сенбілік ұйымдастырды. Жастар бір күнде 40-тан астам қап қоқыс жинап, демалушылар арасында табиғатты күтіп ұстаудың маңызы туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, ауданның мектеп оқушылары мен колледж студенттері саябақтарды тазалап, ағаш көшеттерін отырғызуға атсалысты. Акцияның соңында «Жасыл ел» еңбек жасағының маусымдық жұмысы қорытындыланып, жастардың еңбегі марапатталды. Ақмола облысының барлық аудан-қалаларында өтіп жатқан бұл бастамалар – бір реттік сенбіліктер ғана емес, қоғамда экологиялық мәдениет пен азаматтық жауапкершілікті нығайтуға бағытталған жүйелі жұмыс.
«Таза Қазақстан»: Ақмола облысында экологиялық мәдениет қалыптастыруға бағытталған ауқымды шаралар өтуде
Ақмола облысында экологиялық мәдениетті нығайтуға және табиғатты қорғауға бағытталған кең көлемді жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде. Республикалық «Таза Қазақстан» акциясы аясында өңірдің барлық аудан-қалаларында сенбіліктер, плогинг қозғалысы, ағаш отырғызу және түрлі экологиялы

Ақмола облысында экологиялық мәдениетті нығайтуға және табиғатты қорғауға бағытталған кең көлемді жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде. Республикалық «Таза Қазақстан» акциясы аясында өңірдің барлық аудан-қалаларында сенбіліктер, плогинг қозғалысы, ағаш отырғызу және түрлі экологиялық бастамалар тұрақты ұйымдастырылып келеді, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпараттық агенттігі.
Өңір орталығы Көкшетауда өткен сенбіліктерде қала тұрғындары, жастар ұйымдары, еріктілер мен мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері қолқабыс жасады. Олар Қопа көлі мен Қылшақты өзенінің жағалауын, сондай-ақ саябақтар мен жаяу жүргіншілер көп жүретін аумақтарды қоқыстан тазартып, көгалдандыру жұмыстарын жүргізді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, акцияға жастардың белсенді араласуы олардың экологиялық жауапкершілігінің артқанын көрсетеді.
«Плогинг – бұл тек қоқыс жинау емес, ол қалаға деген сүйіспеншілікті және ортақ құндылықты сақтау мәдениетін қалыптастырады», – дейді қатысушылар.
Жасыл желекке бөленген Ақкөл қаласында өткен сенбілікке мемлекеттік мекеме қызметкерлері, әскери қызметшілер, студенттер, мектеп оқушылары және жергілікті тұрғындар белсене қатысты. Аудан әкімі акцияның маңыздылығын атап өтіп, шараға қатысуға шақырды.
Related

Akmola Region
Более тысячи акмолинцев поддержали эко-акцию «Таза Қазақстан»
Жаннұр Еділбаева·

Akmola Region
Эра комплексных решений: как Aqmola Urban Forum меняет философию казахстанских городов
Жаннұр Еділбаева·

Akmola Region
Ақмола облысында мәдениет пен өнер саласының майталмандарына құрмет көрсетілді
Жаннұр Еділбаева·

Akmola Region
В Бурабайском районе реализуют крупные инфраструктурные проекты
Жаннұр Еділбаева·