View this post on Instagram
«Тазару күні»: елде кең ауқымды тазалық акциясы басталады
Экология және табиғи ресурстар министрлігі елімізде 23 наурыз күні «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында кең ауқымды экологиялық іс-шара өтетінін хабарлады. Ведомство мәліметінше, барлық өңірлерде Наурызнама шеңберінде «Тазару күніне» орай аумақтарды тазарту жұмыстары ұйым

Экология және табиғи ресурстар министрлігі елімізде 23 наурыз күні «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында кең ауқымды экологиялық іс-шара өтетінін хабарлады.
Ведомство мәліметінше, барлық өңірлерде Наурызнама шеңберінде «Тазару күніне» орай аумақтарды тазарту жұмыстары ұйымдастырылады.
«Тазару күні» – табиғи және қоғамдық кеңістіктерді қоқыстан тазартуға бағытталған қоғамдық бастама. Акция тек тазалық жұмыстарымен шектелмей, қоршаған ортаға жанашырлық пен экологиялық жауапкершілікті арттыруға бағытталған.
Іс-шара барысында «Мөлдір бұлақ», «Таза өлке» жобалары, су айдындарын тазалау, сондай-ақ ағаш отырғызу акциялары жоспарланған.
Министрлік қазақстандықтарды экологиялық бастамаға белсенді қатысып, қоршаған ортаны қорғауға өз үлесін қосуға шақырды.
Related

News
«Біз ауқымды өзгерістер кезеңіне қадам басып келеміз». Ерлан Қарин Тоқаевтың негізгі 9 үндеуін бөліп көрсетті
Жаннұр Еділбаева·

News
Нурлыбек Налибаев ознакомился с ключевыми проектами Костанайской области
Жаннұр Еділбаева·

News
Депутат Пономарев предложил усилить экологическое просвещение в Казахстане
Жаннұр Еділбаева·

News
Түркістандық педагог сот залында өзіне қол салмақ болды
Айғаным Нариманова·