Todayinfo.kz
Өзгекті жазбаларView all articles

160 адамды жұмыстан шығардым: Майра Мұхамедқызы өзін қорқытқан шымкенттіктер жайлы айтты

Шымкент қалалық опера және балет театрының директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Майра Мұхамедқызы жұмысын бастаған алғашқы жылдары түрлі қиындықтарға тап болғанын айтты. Бұл туралы ол “Хабар” телеарнасындағы “Алғашқы” бағдарламасында баяндап, өз тәжірибесімен бөлісті, де

By Айғаным Нариманова··1 min read
160 адамды жұмыстан шығардым: Майра Мұхамедқызы өзін қорқытқан шымкенттіктер жайлы айтты
Шымкент қалалық опера және балет театрының директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Майра Мұхамедқызы жұмысын бастаған алғашқы жылдары түрлі қиындықтарға тап болғанын айтты. Бұл туралы ол “Хабар” телеарнасындағы “Алғашқы” бағдарламасында баяндап, өз тәжірибесімен бөлісті, деп хабарлайды Todayinfo. Майра Мұхамедқызы алғаш театрға барған кезде 40-қа жуық адамның қарсылық танытқанын жеткізді:

«Театрға кірсем, 40 жігіт алдымнан шықты. “Бізден соққы жемей, қысым көрмей тұрып, кете беріңіз. Жаңа адамды қаламаймыз” деді. Мен: “Аналайындар, мен қорықпаймын. Бұл өмірде көп нәрсе көрдім. Мен сіздердің жағдайларыңызды жақсартуға келдім” дедім. Қазір солар – менің әріптестерім, театрдың жанашырлары», – дейді әнші.

Оның айтуынша, театрда тәртіп пен заң талаптары сақталмаған, тіпті, салаға қатысы жоқ адамдар жұмыс істеген. Бұл жағдайды өзгерту үшін түбегейлі кадрлық өзгерістер қажет болған:

«4 жылда 160 адамды жұмыстан шығардым. Кадр бөлімінің маманы: “Майра ханым, жарты Шымкентті жұмыстан шығардыңыз ғой” деді. Басында маман табылмай қала ма деп қорықтым. Бірақ аз жалақыға қарамастан, менімен бірге жұмыс істеуге, әлемдік тәжірибені көруге келіскен кәсіби мамандар келді», – деді ол.

Майра Мұхамедқызы қазіргі таңда театрдың тынысы кеңейіп, кәсіби деңгейі жоғары мамандармен толығып жатқанын атап өтті.

   

Related

160 адамды жұмыстан шығардым: Майра Мұхамедқызы өзін қорқытқан шымкенттіктер жайлы айтты · Todayinfo