Тегін скрининг пен есту аппараты: Мемлекет басшысы маңызды Заңға қол қойды
Ол – «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау, ойын бизнесі және артық заңнамалық реттеуді болдырмау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң,деп хабарлайды Todayinfo Бұл Заң арқылы бірнеше заңнамалық құжаттарға өзгерістер

Ол – «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау, ойын бизнесі және артық заңнамалық реттеуді болдырмау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң,деп хабарлайды Todayinfo
Бұл Заң арқылы бірнеше заңнамалық құжаттарға өзгерістер енгізілді. Атап айтқанда:
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекс,
«Жарнама туралы» Заң,
«Ойын бизнесі туралы» Заң,
«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заң.
Денсаулық сақтау саласындағы басты өзгерістер:
– Онкологиялық ауруларды ерте анықтау мақсатындағы скринингтер – енді міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне жатпайды, олар тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлеміне енгізілді. Яғни, бұл қызметтер барлық азаматқа тегін көрсетіледі.
– Сонымен қатар, мүгедектігі жоқ азаматтар да есту қабілеті нашар болған жағдайда есту аппараттарын ала алады.
Ойын бизнесіне қатысты өзгерістер:
– Букмекерлік кеңселер мен тотализаторларды жарнамалауға шектеу қойылды. Енді олар:
Ұялы телефондар арқылы жарнама жасай алмайды
Онлайн платформаларда жарнамалауға тыйым салынды
Тек спорттық бағыттағы БАҚ-та ғана жарнама жасауға рұқсат бар
– Сонымен қатар, сотталған немесе шартты түрде сотталған адамдарға құмар ойындар мен бәс тігуге толық тыйым салынады.
Related

News
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияның отырысын өткізді
Жаннұр Еділбаева·

News
Государственный советник Ерлан Карин провел заседание Национальной комиссии Казахстана по делам ЮНЕСКО и ИСЕСКО
Жаннұр Еділбаева·

News
Пенсионные деньги должны обеспечивать старость, а не решать текущие проблемы — финансист
Жаннұр Еділбаева·

News
«Медиацияға дайынбыз»: Freedom Finance ҚазТАГ-тан кінәсін ресми түрде мойындауды талап етті
Жаннұр Еділбаева·