«Жүн қабылдаумен біз атаған 15 кәсіпорыннан бөлек, басқа да компаниялар қызығушылық танытып отыр. Жаңа өңдеу кәсіпорындары іске қосылғанша, жүн мен теріні экспорттауға рұқсат беріліп отыр. Сонымен қатар, **жинаушы кәсіпорындарға субсидия беріледі», – деді министр.
Министр әр облыс әкімдіктеріне сервистік дайындау орталықтарын ашу бойынша тапсырма берілгенін атап өтті. Бұл орталықтар:- Тері мен жүнді жергілікті халықтан қабылдайды
- Оларды әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар (ӘКК) арқылы өңдеуші зауыттарға жеткізеді
«Егер теріні өткізген адамда шаруа немесе фермерлік қожалық ресми тіркелген болса, сол реквизиттер арқылы субсидия төленеді», – деді министр Сапаров.
Министр тері мен жүн өткізу жұмыстарының бұрын неліктен нәтиже бермегенін де түсіндірді:- Бұрын кедендік баж салығы енгізіліп, экспорттаушы компаниялардың жұмысы тоқтаған
- Ішкі нарықтағы өңдеуші кәсіпорындардың техникалық мүмкіндігі мен қуаты жетпеген
«Қазір біз осы салада жаңа зауыттар салуға тырысып жатырмыз. Тамыз айында Ақтөбе облысында жүн өңдейтін жаңа кәсіпорын ашылады. Бұл кәсіпорын **жүннің кез келген түрін – қара, ақ, сары – өңдеп, дайын материал шығара алады», – деді министр.
- Тері мен жүнді қабылдайтын кәсіпорындарға субсидия
- Экспортқа уақытша рұқсат
- Өңдеу инфрақұрылымын дамыту
- Жергілікті фермерлерге экономикалық ынталандыру




