Тікелей эфирдегі қателік: Тұрсынбек Қабатовтың жұбайы Мөлдір Мұқанова сынға ұшырады (ВИДЕО)
Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың жұбайы Мөлдір Мұқанова тележүргізуші ретінде алғаш рет тікелей эфирге шықты. Ол бағдарлама барысында әртістерді хабарлап тұрып, сөзден жаңылып, бір сәтке үзіліс сұрады,деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі. «Бір минут», – деген сәтте,

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың жұбайы Мөлдір Мұқанова тележүргізуші ретінде алғаш рет тікелей эфирге шықты. Ол бағдарлама барысында әртістерді хабарлап тұрып, сөзден жаңылып, бір сәтке үзіліс сұрады,деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.
«Бір минут», – деген сәтте, қасында отырған тележүргізуші Динара Сәтжан оған сыбырлап, «бұл тікелей эфир» екенін ескертеді.
Кейін Динара Сәтжан оның алғаш рет эфирде отырғанын айтып, орын алған келеңсіздікті жұмсартуға тырысты.
Әлеуметтік желілерде бұл сәттің видеосы тез таралып, қоғам тарапынан түрлі пікір тудырды. Көпшілігі журналистиканың кәсіби саласын шоу-бизнес өкілдерінің иеленуін сынға алды.
«Журналистика факультетін жабу керек. Біреудің әйелі болғаны үшін жүргізуші болу керек пе?», – деп жазды желі қолданушыларының бірі.
«Неге әркім өз ісімен айналыспайды? Өте төмен деңгей», – деген де пікірлер жиі кездесті.
Бұл жағдай медиа саласында кәсіби мамандардың орны мен бағасы туралы қоғамдық пікірталас тудырды. Көпшілік кәсіби журналистердің еңбегі мен дайындық деңгейін елемеу – жалпы эфир мәдениетінің төмендеуіне себеп болатынын айтты.
Related

News
Мать убитой студентки из Атырау не смогла узнать, где отбывают наказание осуждённые
Жаннұр Еділбаева·

News
В Армении началось голосование на парламентских выборах
Жаннұр Еділбаева·

News
Астанадан 48 шақырым жерде жаңа әуежай салу ұсынылды
Жаннұр Еділбаева·

News
Қазақстанға Пржевальский жылқыларының тағы бір тобы жеткізілді
Жаннұр Еділбаева·