«Тіл – татулық тірегі»: Алматы облысында Қазақстан халқы тілдері күні мерекесі аталып өтті
2025 жылғы 5 қыркүйекте Ұйғыр ауданында Қазақстан халқы тілдері күніне арналған «Тіл – татулық тірегі» облыстық тіл фестивалі өтті. Іс-шара аясында «Тіл және қоғам» көрмесі ұйымдастырылып, мерекеге жиналған жұртшылықты Ұйғыр ауданының әкімі Бота Елеусізова, ҚР Парламенті Мәжілісі

2025 жылғы 5 қыркүйекте Ұйғыр ауданында Қазақстан халқы тілдері күніне арналған «Тіл – татулық тірегі» облыстық тіл фестивалі өтті.
Іс-шара аясында «Тіл және қоғам» көрмесі ұйымдастырылып, мерекеге жиналған жұртшылықты Ұйғыр ауданының әкімі Бота Елеусізова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Болат Керімбек, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің Басқарма басшысы Қайыржан Рахымжанов, Алматы облыстық мәслихатының төрағасы Қуат Байғоджаев, сондай-ақ «Аманат партиясы жанындағы азаматтық қоғам мен мәдениетті дамыту жөніндегі «Мирас» аймақтық кеңесінің төрағасы Тәңірберген Қасымақынұлы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, тіл жанашыры Дарья Шулима мен «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Алматы облыстық филиалының төрағасы Күлзира Сейітбекқызы құттықтады.
Өз сөзінде Қуат Байғоджаев тілдің ел бірлігіндегі, қоғам тұрақтылығындағы рөлін атап өтіп, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының мұрасын ұлықтау – баршамыздың ортақ парызымыз екенін жеткізді. Ол: «Тіл – ұлттың болмысы ғана емес, елдегі бейбітшілік пен тұрақтылықтың берік іргетасы. Мемлекеттік тілдің қолданылу аясы жылдан-жылға кеңейіп, жастар арасында қазақ тілінде сөйлеу сәнге айналуда. Бұл – ең үлкен жетістігіміз», – деді.
Фестиваль аясында тілдерді дамыту саласына қосқан сүбелі үлесі үшін өңірдің бір топ азаматтары Алматы облысы әкімдігінің, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің, сондай-ақ «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Алматы облыстық филиалының марапаттарымен марапатталды.
Салтанатты жиын «Сүйінбай сазы» халықтық фольклорлы-этнографиялық ансамблі мен өнер жұлдыздары қатысуымен «Тіл – тарихтың айнасы» атты концерттік бағдарламамен түйінделді.
Қазақстандағы жүзден астам этнос өкілдерін бір шаңырақ астына ұйыстыратын мемлекеттік тілдің мерейін көтерген бұл шара жалпыхалықтық мерекеге айналды.
Related

Almaty Region
Алматы облысында құны 22 млрд теңгеден асатын жаңа экопарктер салынады
Жаннұр Еділбаева·

Almaty Region
Алматы облысының жедел жәрдем автопаркі 90 жаңа көлікпен толықты
Жаннұр Еділбаева·

Almaty Region
Слушания по проекту алматинского горного кластера состоялись при активной поддержке общественности
Жаннұр Еділбаева·

Almaty Region
«Кортежге де коттеджге де жол жоқ»: Алматы облысында мектеп бітіруші түлектерге қатаң ескерту жасалды
Жаннұр Еділбаева·