Todayinfo.kz
PoliticsView all articles

Тоқаев Дания Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

By Айғаным Нариманова··1 min read
Тоқаев Дания Короліне құттықтау жеделхатын жолдады
📷 Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Король X Фредерикті Дания Корольдігінің ұлттық мерекесі – Конституция күнімен құттықтады, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан Президенті аталған мереке Дания халқы үшін демократиялық құндылықтардың, қоғамдық келісімнің және орнықты дамудың символы ретінде ерекше маңызға ие екенін атап өтті.

Мемлекет басшысы достық пен өзара қолдау рухындағы қазақ-дат байланыстары одан әрі нығая беретініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Король X Фредериктің жауапты мемлекеттік қызметіне толайым табыс, ал достас Дания халқына бақ-береке тіледі.

 

t.me/aqorda_resmi

Related