Todayinfo.kz
NewsView all articles

Тоқаев Германияның жаңа Канцлері Мерцті қызметімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Фридрих Мерцті Германияның Федералдық Канцлері болып сайлануымен құттықтады, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі Ақордаға сілтеме жасап. Мемлекет басшысы Германияның Федералдық Канцлері сайлауында жеңіске жеткен Фридрих Мерцке құттықтау жеделхатын жо

By Жаннұр Еділбаева··1 min read
Тоқаев Германияның жаңа Канцлері Мерцті қызметімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Фридрих Мерцті Германияның Федералдық Канцлері болып сайлануымен құттықтады, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Германияның Федералдық Канцлері сайлауында жеңіске жеткен Фридрих Мерцке құттықтау жеделхатын жолдады.

Президент екі ел арасындағы стратегиялық серіктестіктің ауқымы кеңейіп келе жатқанын ризашылықпен атап өтіп, қазақ-герман ынтымақтастығының жоғары қарқынын сақтау үшін бірлесіп жұмыс істеуге дайын екенін растады.

Related

Тоқаев Германияның жаңа Канцлері Мерцті қызметімен құттықтады · Todayinfo