Қасым-Жомарт Тоқаев Иран Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорда жазды , деп хабарлайды Todayinfo.
Мемлекет басшысы Бендер-Аббас қаласының «Шахид Раджаи» теңіз портында болған жарылыстан адамдардың қаза табуына және көптеген азаматтың жарақат алуына байланысты Иран Президенті Масуд Пезешкиан мен оның отандастарына көңіл айтты.
Қазақстан Президенті жарақат алған жандардың сауығып кетуіне, сондай-ақ апат салдарын тезірек еңсеруге тілектестік білдірді.
Еске сала кетейік, бүгін Бендер-Аббас портында жарылыс болып, салдарынан 36 адам қаза тауып, 1200-ден астамы жараланғаны хабарланған. Қазіргі таңда өртті сөндіру және апат салдарын жою жұмыстары жалғасып жатыр. Ауруханаларда донорлық қан қабылдау жүріп жатыр.
Иран билігі ертеңнен бастап үш күндік ұлттық аза тұту жариялайтынын мәлімдеді.
Фото: Ақорда



