Todayinfo.kz
NewsView all articles

Тоқаев Кувейт Әміріне үндеу жолдады: екі ел достығы нығая беретініне сенімді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Кувейт Әмірі шейх Мишааль әл-Ахмадты Ұлттық күнімен құттықтап, екі ел достығы нығая беретініне сенім білдірді.

By Мұхтар Жексенбай··1 min read
Тоқаев Кувейт Әміріне үндеу жолдады: екі ел достығы нығая беретініне сенімді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Кувейт Мемлекетінің Әмірі шейх Мишааль әл-Ахмад әл-Джабер ас-Сабах пен оның отандастарын ұлттық мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Ақорданың ресми баспасөз қызметі мәлімдеді. Мемлекет басшысы өзінің құттықтау жеделхатында Қазақстан мен Кувейт арасындағы қарым-қатынастың достық пен өзара қолдауға негізделгенін атап өтті.

"Достық пен өзара қолдауға негізделген екіжақты қарым-қатынастар халықтарымыздың игілігі жолында алдағы уақытта да нығая беретініне сенімдімін", – делінген президенттің жеделхатында.

Қасым-Жомарт Тоқаев Кувейт Әмірінің жауапты қызметіне толағай табыс, ал бауырлас Кувейт халқына бақ-береке тіледі.

Фото: Әлеуметтік желіден

Related

Тоқаев Кувейт Әміріне үндеу жолдады: екі ел достығы нығая беретініне сенімді · Todayinfo