Todayinfo.kz
Өзгекті жазбаларView all articles

Тоқаев Мәскеудегі әскери парадқа барды

Қасым-Жомарт Тоқаев Жеңіс күніне арналған әскери парадқа барды, деп хабарлайды Todayinfo агенттігі. Ақорда мәліметінше, Мемлекет басшысы Жеңістің 79 жылдығына орай Мәскеудегі Қызыл алаңда өткен әскери парадқа барды. Сондай-ақ Белгісіз жауынгердің бейітіне гүл шоғын қою рәсіміне қ

By Мейіржан Әуелханұлы··2 min read
Тоқаев Мәскеудегі әскери парадқа барды
Қасым-Жомарт Тоқаев Жеңіс күніне арналған әскери парадқа барды, деп хабарлайды Todayinfo агенттігі. Ақорда мәліметінше, Мемлекет басшысы Жеңістің 79 жылдығына орай Мәскеудегі Қызыл алаңда өткен әскери парадқа барды. Сондай-ақ Белгісіз жауынгердің бейітіне гүл шоғын қою рәсіміне қатысты. Парадты Қасым-Жомарт Тоқаевпен және Ресей Президенті Владимир Путинмен қатар Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Куба Президенті Мигель Марио Диас-Канель Бермудес, Лаос Президенті Тхонглун Сисулит, Гвинея-Бисау Президенті Умару Сисоку Эмбало тамашалады. Тоқаев Отан қорғаушы күнімен құттықтады. Президент «Отан Ана» монументіне гүл шоғын қойды. Президент қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады.  

Related

Тоқаев Мәскеудегі әскери парадқа барды · Todayinfo