Todayinfo.kz
PoliticsView all articles

Тоқаев пен Мирзиёев Түркістандағы жаңа мешітті аралап көрді

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

By Айғаным Нариманова··1 min read
Тоқаев пен Мирзиёев Түркістандағы жаңа мешітті аралап көрді
📷 Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы бауырластық байланыс және рухани ынтымақтастық нышаны ретінде Түркістанда бой көтерген мешітпен танысты, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.

 

Құлшылық үйінің орталық залында Құран оқылды.

Мешіт Өзбекстан Президентінің Түркістан тұрғындары мен барша қазақстандықтарға тартуы ретінде салынған.

 

Ғимаратта дәстүрлі ислам элементтері заманауи құрылыс технологияларымен үйлесім тапқан. Қасбеті мен ішкі аумағы ұлттық ою-өрнекпен және мұсылман каллиграфиясымен безендірілген. Мұнаралардың биіктігі – 61 метр.

 

Ғибадат орны жаңа инженерлік желілермен жабдықталған. Сондай-ақ абаттандырылған аумақта жарықтандыру жүйелері, демалыс аймақтары, субұрқақтар бар.

Related

Тоқаев пен Мирзиёев Түркістандағы жаңа мешітті аралап көрді · Todayinfo